Қаңтар оқиғасы

Қаңтар оқиғасы: ҰҚК-ның 11 қызметкері қылмыстық жауапқа тартылып жатыр

Sputnik
АСТАНА, 15 мамыр – Sputnik. ҰҚК төрағасының орынбасары Марат Қалқабаев қаңтар оқиғасынан кейін қанша адам жауапқа тартылып жатқанын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Бүгінгі таңда Ұлттық қауіпсіздік комитетінің 11 қызметкері қылмыстық жауапқа тартылып жатыр. Кейбір істер бойынша тергеу аяқталды", - деді Қалқабаев мәжілістің жалпы отырысында.
Бұдан бөлек, оның айтуынша, ҰҚК қаңтар оқиғасы бойынша ауқымды қызметтік тексеріс жүргізген. Бұйрық талаптарына, қызмет атқару тәртібіне, соның ішінде лауазымды тұлғалар арасында жауапкершілікті бөлу бөлігінде маңызды өзгерістер енгізілді.