АСТАНА, 15 мамыр – Sputnik. Гидравликалық сынақтар кезінде анықталған ақаулар жойылғаннан кейін Павлодар мен Екібастұз тұрғындарына ыстық су беріле бастады, деп хабарлады Павлодар облысының әкімі әлеуметтік желідегі парақшасында.
"Облыс орталығындағы 251 көпқабатты үйге және кеншілер қаласындағы 137 көпқабатты тұрғын үйге ыстық су берілді. Ертеңгі жоспар бойынша Павлодарда 80 және Екібастұзда 23 көпқабатты тұрғын үйге ыстық су беріледі", - деп жазды кеше Асаин Байханов.
Ол 5 маусымға дейін Павлодар мен Екібастұздағы көпқабатты үйлердің 96%-і ыстық сумен қамтамасыз етілуі тиіс екенін айтты.
Ыстық су жүйесіне қосылатын үйлердің тізімі мен мерзімі көрсетілген кесте аймақтағы коммуналдық кәсіпорындардың әлеуметтік желідегі парақшаларында жарияланды.