Мамырда Дүниежүзілік болашаққа арналған техника күні аталып өтеді. Алайда біздің өміріміздің кейбір салаларында бұл болашақ қазірдің өзінде жүзеге асырылып жатыр. Мысалы, бүгінде кейбір кәсіптерді роботтар сәтті орындап жүр.
Жасанды интеллект, гендік технологиялар, адам-компьютерлік интерфейсі. Бүгінде ХХІ ғасырда технология адам өмірінің барлық дерлік саласына әсер етіп жатыр. Соның ішінде кәсіби салада ықпалы зор.
Бұл жақсы ма, жаман ба, адамның өзіне пайдалы ма – оны уақыт көрсетеді. Бірақ қазірдің өзінде роботтар адамдарды алмастыратын кейбір салалар бар. Бұл қай мамандықтар екенін суреттер топтамасынан көріңіздер.