АСТАНА, 15 мамыр- Sputnik. Түркияда президент сайлауында дауыс берген сайлаушылар бюллетеньдерінің 99,9%-і саналды, деп хабарлайды TRT Haber телеарнасы.
Телеарнаның мәліметінше, оппозиция басшысы Кемаль Кылычдароглу жинаған дауыс саны 45%-ке өскен.
Қазіргі президент Реджеп Тайып Ердоған 49,34%, Синан Оған - 5,22%, Мухаррем Инже – 0,43% дауыс жинады.
Егер үміткерлердің бірі 50% дауыс жинаса, онда сайлау бірінші кезеңде аяқталады. Олай болмаған жағдайда жеңімпаз 28 мамырда екінші кезеңде анықталады.
Еске сала кетейік, 14 мамырда Түркияда президент сайлауы өтті.