Алматы облысында пойыз қойлардың кесірінен шұғыл тоқтауға мәжбүр болды

Машинист теміржол көлігін шұғыл тоқтатқанымен, екі қой пойыз астында өлді
Sputnik
АСТАНА, 14 мамыр – Sputnik. Орал–Алматы бағытындағы пойыз үш қойдың кесірінен шұғыл тоқтауға мәжбүр болды, деп хабарлайды "Мой город".
Оқиға Алматы облысындағы Шамалған станциясының маңында болған.
Үш қой теміржол бойында жайылып жүрген. Теміржол көлігін шұғыл тоқтатқанымен, екі қой пойыз астында қалды.
Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі мәжбүрлі тоқтау бес минутқа созылғанын хабарлады.
Тәртіп сақшылары қойдың иесін, Үлгілі ауылының 1973 жылы туған тұрғынын анықтады.
Ер адам мал бағу ережесін бұзғаны үшін жазаға тартылып, малынан айырылып, ескерту алды.
Тәртіп сақшылары мал иелерімен үнемі сұхбат жүргізілетінін, бірақ әзірге бұл тиісті нәтиже бермегенін айтады.
Ақмола облысында пойыз бірнеше жылқыны басып кетті