Жыл басынан бері 73 мың қазақстандық тұрақты жұмысқа орналасты

Sputnik
АСТАНА, 13 мамыр – Sputnik. Кәсіпкерлікті дамытудың ұлттық жобасы аясында 286,2 мыңға жуық адам жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларымен қамтылды, деп хабарлайды еңбек және халықты әлеуметттік қорғау министрлігі.
Осы жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаға 286,2 мың адам қатысты. 194,7 мың адам еңбекпен қамтылды, оның ішінде 73,5 мың адам тұрақты жұмысқа орналасты.
Субсидияланатын жұмыс орындарына 121,2 мың адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде:
әлеуметтік жұмыс орындарына – 13,5 мың;
жастар тәжірибесіне – 7,4 мың;
қоғамдық жұмыстарға – 87,5 мың;
"Алғашқы жұмыс орны" жобасы бойынша – 3,1 мың,
"Ұрпақтар келісімшарты" жобасы бойынша – 92 адам;
"Күміс жас" жобасы бойынша – 9,6 мың адам.
Онлайн оқытумен 20 мың жұмыссыз қамтылды, оның ішінде 18 мың азамат оқуды аяқтады.
Сондай-ақ "Бизнес Бастау" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытумен 67,4 мың адам қамтылды, оның ішінде 49,5 мың адам оқуды аяқтап, сертификат алды.
Қызмет саласын таңдау мақсатында 50,5 мың адам әлеуметтік кәсіптік бағдарлаудан өтті.
2023 жылы Ұлттық жоба аясында 400 АЕК (1 380 000 теңге) мөлшерінде жаңа бизнес-бастамаларды іске асыру үшін 9 мың грант беру көзделген. Бірінші лек бойынша 2 564 грант берілді.
Қоғам
Еңбек министрлігі 12 мың қазақстандыққа SMS-хабарлама жібереді: не істеу қажет