АСТАНА, 12 мамыр – Sputnik. Сыбайлас жемқорлыққа қарыс іс-қимыл агенттігінің Астана қалалық филиалы "ҚР Денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау Комитетінің ұлттық сараптама орталығы" Жетісу филиалының директорына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Антикордың мәліметінше, ол ұлттық орталық басшылығына Алматы облысына қызметке ауысқаны үшін 2 500 АҚШ доллары көлемінде пара берді деген күдікке ілініп отыр.
2023 жылы 31 наурызында соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр. ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды, - делінген хабарламада.
Сондай-ақ ведомство 12 мамырда Астанада күдіктінің туыстары мен достарының санкцияланған митингі өткенін атап өтті. Жиналғандар оның кінәсіздігі туралы мәлімдеп, объективті тергеуді талап еткен.