Білім

ҰБТ-2023: талапкердің киіміне қатысты өзгеріс енгізілді

Sputnik
АСТАНА, 12 мамыр – Sputnik. Ұлттық бірыңғай тестілеуге оқушыларға еркін киіммен қатысуға рұқсат етілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Ұлттық тестілеу орталығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сондай-ақ оқушыларға өзімен бірге су және шоколад алып кіруге болады.

"Құрметті талапкерлер! Сіздерге ҰБТ-ға мектеп формасымен келудің қажеті жоқ екенін айта кетейік. Яғни тестілеуге еркін киімде қатысуға болады. Бірақ этикаға сай, ұқыпты киініп келулеріңізді сұраймыз", - делінген ақпаратта.

Айта кетейік, биыл ҰБТ 16 мамыр мен 5 шілде аралығында өтеді.
ҰБТ-ға екі пән бойынша өзгеріс енгізілді - тестілеу орталығының директоры