Өңірлер

Түркістан облысында 12 жастағы қыз суға батып кетті

Sputnik
ТҮРКІСТАН, 12 мамыр - Sputnik. Түркістан облысында 12 жастағы оқушы қыз каналға батып кетті, деп хабарлайды Otyrar.kz.
Қайғылы жағдай Абай ауылында болған. 8 мамырда сағат 17:00 шамасында 12 жастағы қыз "Ошақты" каналына құлап, шыға алмай қалған. Оның жанында құрбысы болған. Суға батып кеткен қыз арнаның жанында ойнап, құлап кеткен. Оның денесі 5 шақырым шалғай жерден табылды.
Келес аудандық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметі бойынша іздестіру жұмыстарына 6 құтқарушы, 8 полицей, жергілікті билік қызметкерлері мен туыстары қатысқан.
"Іздестіру жұмысы кезінде Ошақты каналына жіберілетін су уақытша тоқтатылды. Қыздың денесі шамамен сағат 21:20-да оқиға орнынан 5 шақырым шалғай жерден табылды", - дейді құтқарушы Шыңғысхан Уатбаев.
Өңірлер
Маңғыстауда 11 жастағы қыз түн ортасында үйдегілерін дүрліктірді - полиция түсініктемесі