АЛМАТЫ, 12 мамыр – Sputnik. Отбасы банк биыл 15 мамырдан бастап аралық заемдар бойынша мөлшерлемені төмендетеді, деп хабарлайды банктің баспасөз қызметі.
Отбасы банкінде аралық заемдар бойынша сараланған сыйақының төмендетілген мөлшерлемелері қолданылады. Осыған дейін жылдық мөлшерлеме 7%-дан 11,5%-ке дейін болған (ЖТСМ 7,4% бастап). Енді бұл 6% - 10% (ЖТСМ 6,2% бастап) төмендейтін болды.
"Кредит бойынша мөлшерлеме көлемі қаражатты депозитте жинақтау мерзіміне және оны толықтыру жиілігіне байланысты болады. Бұл өлшемшарттарды бағалау үшін Отбасы банк бағалау көрсеткішін қолданады. Бағалау көрсеткіші неғұрлым жоғары болса, несие бойынша мөлшерлеме соғұрлым төмен болады", - делінген банк мәлімдемесінде.
Осы уақытқа дейін Отбасы банктегі депозиттеріне алдын ала қаражат жинамай, тұрғын үй құнының 50% бірден салған клиенттер 11,5% құрайтын ең жоғары мөлшерлемемен аралық тұрғын үй заемын алуға үміткер бола алатын.
Енді банк жинақтау тәсілін өзгертеді. Тұрғын үй құнының 50%-ін аударған сәттен бастап 3 ай мерзім өткеннен кейін ғана алуға болады. Тек содан кейін банк 10% тең болатын ең жоғарғы мөлшерлеме бойынша несие береді.
Келісілген соманың 50%-і салымға аударылған кезде, бағалау көрсеткіші:
2,5 болатын мәніне клиент - 3 айда,
3,3-тен жоғары бағалау көрсеткіші барлар – 4 айда;
4,2-ден жоғары – 5 айда;
5-тен жоғары – 6 айда;
7-ден жоғары – 8,5 айда;
10-нан жоғары – 12 айда қол жеткізеді.
2022 жылы барлығы 79 872 несие берілген, оның 68% – аралық заемдар. Мұндай кредиттердің дені мәні нөлдік балдық көрсеткішпен берілген. Яғни қарыз алу кезінде клиенттің қаражаты депозитте жинақталмайды, сондықтан жүйеде жұмыс істемейді деген сөз.
Жинақтау және қарыз беру балансы – тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесіндегі басты қағида. Клиенттердің бірі қаражат жинақтап жатқанда, басқалары қарыз алады. Бұл жүйенің тұрақтылығын қамтамасыз етеді, сондай-ақ қаражатын жинақтай білген салымшыларға төмен мөлшерлемемен несие алуға мүмкіндік береді.
Бағалау көрсеткішінің мәніне байланысты аралық тұрғын үй заемдарының сыйақы мөлшерлемелері төменде көрсетілген бағдарламалар бойынша қолданылады:
1.
Банктің нарықтық бағдарламалары – жаңа және қолданыста болған тұрғын үй сатып алу, жер учаскесін сатып алу, тұрғын үйді жөндеу және жаңалау, тұрғын үй салу мақсаттары үшін.2.
"Кейіннен сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй" жобасы бойынша кредит беру талаптары, "Өз үйім" бағдарламасы.3.
"Жаңа баспана" (тұрғын үй төлемдерін алушылар үшін).2023 жылдың 15 мамырындағы жағдай бойынша заем алуға алдын ала мақұлдауы бар банк клиенттері несиені бұрынғы талаптармен ала алады.
Тұрғын үй және алдын ала заемдар бойынша мөлшерлемелер өзгеріссіз қалады.