Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Киевтің қарсы шабуыл операциясы кедергілерге ұшырады

Sputnik
Вашингтон мен Киев арасындағы келіспеушіліктер ушыққаны байқалады. Себебі АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен украиналықтарға қарсы шабуыл үшін барлық қажетті қолдарында бар екенін, сондықтан майданға аттанатын уақыт келгенін айтты, деп жазды РИА Новости.
Украинадағылар мұнымен келіспеді. Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Данилов қарсы шабуылды қандай жағдайда табысты деп, нені жеңіс деуге болатыны туралы философиялық ойымен бөлісті. Сыртқы істер министрі Кулеба да осыған ұқсас пікір білдірді.
Ал Украина Қарулы күштерінің бас қолбасшысы Залужный үнсіз. Ол жақында НАТО Әскери комитетінің отырысында сөз сөйлеуі керек болатын. Бірақ украиналық қолбасшы онлайн форматта да баяндама жасамады.
Украина президенті Владимир Зеленский бұл мәселеге қатысты нақты пікір айтты. Ол батыстық БАҚ өкілдерін жинап, қарсы шабуылға барлығы дайын екенін, бірақ бұл операция украиналықтар арасында үлкен адам шығынына әкелуі ықтимал екенін мәлімдеді. Сондықтан ол қарсы шабуылды кейінге қалдыруды жөн санайтынын жеткізді.
"Алайда 315 мың өз отандасын өлімге қиюдың орнына бір сәтте әскери іс-қимылды тоқтата алатын қауқары болған көшбасшының аяқасты адамгершілік қасиеті оянғаны қызық. Зеленский адамдардың өмірі үшін емес, бұл қарсы шабуыл бүкіл әлемнің көз алдында орындалатынына алаңдаулы", - деп жазылған материалда.
Ал Америка Украинаға қатысты басқа жоспар құрған секілді. Себебі Конгресте басымдыққа ие республикашылдар АҚШ-тың әскери іс-қимылын 180 градусқа өзгертіп жатыр. Бірақ Қытайға қарсы әрекетті бастамас бұрын америкалықтарға еуропалық әскери іс-қимылдар театрындағы әрекеттерді аяқтау керек. Яғни, АҚШ бүкіл әлемдік қауымдастық алдында миллиардтаған шығынның қайда жұмсалғанын, украиналықтардың қарсы шабуылының нәтижесін көрсетуі керек.
Себебі қарсы шабуыл орындалмаса, онда әлемде, әсіресе, америкалықтарда қаражаттың қайда кеткені, жеткізілген қару-жарақ пен әскери техниканың қайда екені туралы сұрақтар туындайды. Америкалық қазынадан бөлінген қаражат Украинаға жетпей, демократтардың қалтасына түсті деген аздаған күдік туындаса, бұл республикашылдардың АҚШ билігін сотқа беріп, өздері 2024 жылғы президент сайлауында жеңіске жетуіне себеп болады. Мұндай сотқа жүгінулер Байден отбасын қоса алғанда ең лауазымды тұлғаларды абақтыға жабуға әкелуі ықтимал.
АҚШ-та қазір дефолт қаупі туындап, жағдай тіпті ушықты. Республикашылдар шығындарды қысқартуды талап етіп, мемлекеттік қарыз шегін ұлғайтудан бас тартып отыр. Сондықтан Энтони Блинкен Зеленскийді қарсы шабуылға кірісуге асықтырып жатыр.
Мақалада жазылғандай, Киев мұның барлығын жақсы түсініп отыр. Сондықтан операцияны бірнеше уақытқа кейінге қалдырғанымен, бәрібір қарсы шабуылға барады. Қазіргі кейінге қалдыру туралы мәлімдемелер АҚШ пен оның одақтастарынан қауқары күшті қару-жарақты көбірек алу үшін әдейі жасалуы да мүмкін. Мысалы, ағылшындардан 500 километр қашықтыққа ұша алатын Storm Shadow зымыранын күтіп отыр. Жозеп Боррель оларға миллион снаряд жеткізуге уәде етті.
Ұлыбританиялық зымыранмен Ресейдің қалаларына, әуежайларына, Қырым мен жаңа өңірлерге соққы жасаса, бұл батыстық БАҚ үшін қолайлы кадрларға айналады. Ресей қалаларына соққы жасау арқылы олар әлемге әскери іс-қимылды одан әрі жалғастыру қажеттілігін көрсете еді.
Сондықтан Владимир Зеленскийдің БАҚ алдындағы мәлімдемесі жоспарланған іс-әрекет болуы мүмкін. Қарсы шабуыл қалай болғанда да орындалады. Себебі Ресей мен Украинаның арасындағы қақтығыс басқа тараптарға пайда әкеліп жатыр.