Теміртауда жасөспірімнің үстіне футбол қақпасы құлап кетті

Sputnik
АСТАНА, 11 мамыр – Sputnik. 12 жастағы жасөспірім Металлургтер стадионындағы футбол алаңында ойнап жүрген кезде оның үстіне футбол қақпасы құлап кетті, деп жазды eKaraganda.
Бала қалалық орталық аурухананың қабылдау-диагностика бөлімінің травматология бөліміне жеткізілді. Оны ауруханаға жеткізген кезде жағдайы қанағаттанарлық болатын, деп хабарлады Қарағанды ​​облысының денсаулық сақтау басқармасы.
Балаға алғашқы медициналық көмек көрсетілді, жараларына біріншілік хирургиялық өңдеу жүргізілді. Кейін жасөспірім "желке аймағының соғылған жарақаты" диагнозымен Мақажанов атындағы көпбейінді емханаға жолданды. Тексеруден кейін бала амбулаторлық емдеуге жіберілді.
Оқиға болған футбол алаңы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің балансында тұр, деп хабарлады Теміртау әкімдігіндегілер. Бұған дейін теміртаулықтар футбол алаңдарының жағдайына қатысты шағымданған болатын.
Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі бұған дейін де жөндеуді қажет ететін футбол алаңдары мен ойын алаңдарына тексеру жүргізген. Билік техникалық тексеру актісін дайындап, оны мердігерлерге ұсынды. Ал мердігерлер соған сәйкес жұмыстың басталғанын хабарлаған.