АСТАНА, 11 мамыр – Sputnik. Шымкентте 18 вагон, оның ішінде 17 бос вагон бүйіріне аударылып кетті, деп хабарлады қалалық төтенше жағдайлар департаменті.
Төтенше жағдай туралы хабарлама 11 мамырда сағат 16.37-де түскен. Оқиға Абай ауданындағы Игілік-Бадам темір жолының 3266 км учаскесінде болды.
Шымкентте 18 вагон аударылып кетті
© Photo : Шымкент қаласы төтенше жағдайлар департаменті
"Вагондар "Шымкент-Арыс" бағытындағы №2489 жүк пойызының құрамында (жалпы саны 57 вагон) болды. Салдарынан әуе электр желілерінің 11 тірегі зақымдалған, темір жол төсемі ішінара зақымданды", - делінген хабарламада.
Аталған стансада вагондардың істен шығуына байланысты "Алматы-Маңғыстау" бағытындағы №77 жолаушылар пойызы 1 сағат 15 минутқа кідірді.
Жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына "ҚТЖ ҰК" АҚ (55 адам және 1 қалпына келтіру пойызы) күштері жұмылдырылды.
Зардап шеккендер жоқ.
Оқиға орнына Шымкент қаласы ТЖД басшылығы, жеке құрамның 14 адамы және 4 бірлік техникасы шықты.