Милан орталығында жарылыс болды

Sputnik
АСТАНА, 11 мамыр – Sputnik. Миланда жарылыс болды, деп хабарлайды италиялық БАҚ куәгерлер ақпаратына сілтеме жасап.
Алдын ала мәлімет бойынша оттегі цилиндрлері бар фургон жарылған.
Салдарынан тұрғын үйлер мен жақын маңдағы мектептен адамдар эвакуацияланды.
Қазіргі уақытта өрт сөндірілді, деп хабарлады Sky TG24 жаңалықтар телеарнасы төтенше жағдай орнынан.
Телеарна ақпараты бойынша жақын маңдағы орта мектептің оқушылары мен тағы бірнеше тұрғын үйден адамдар эвакуацияланды. Балалардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ. Жарылыстан кем дегенде төрт көлікке зақым келген.
Өңірлер
Жаңаөзендегі жарылыс: тағы екі адам қайтыс болды