Спорт

Әлем чемпионаты: қазақстандық боксшылар жартылай финалда кіммен жұдырықтасады

Sputnik
АСТАНА, 11 мамыр – Sputnik. 12 мамырда Ташкентте бокстан әлем чемпионатының жартылай финалдық жекпе-жектері өтеді. Қазақстанның бес боксшысы финалға жолдама алуға таласады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Күндізгі сессия:
48 келі: Санжар Тәшкенбай - Эдмонд Худоян (Ресей);
54 келі: Махмұд Сабырхан – Йосвани Вейтиа (Куба);
67 келі: Дулат Бекбауов - Лаша Гурули (Грузия).
Кешкі сессия:
71 келі: Асланбек Шымбергенов - Нишант Дев (Үндістан);
80 келі: Нұрбек Оралбай - Имам Хатаев (Ресей).
Айта кетейік, Ташкенттегі әлем чемпионатына 13 боксшымыз барды. Басым бөлігі жарыс жолынан шығып қалды. Олар: Сәкен Бибосынов (51 келі), Талғат Сырымбетов (60 келі), Санатәлі Төлтаев (63,5 келі), Нұрқанат Райыс (75 келі), Сағындық Тоғамбай (86 келі), Айбек Оралбай (92 келі), Серік Теміржанов (57 келі) мен Қамшыбек Қоңқабаев (92 келіден жоғары).