Жетісу облысында қараусыз жүрген жылқының кесірінен көлік жүргізушісі көз жұмды

Sputnik
АЛМАТЫ, 10 мамыр - Sputnik. Жетісу облысында қараусыз жүрген жылқының кесірінен көлік жүргізушісі көз жұмды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Жол апаты Үшарал – Достық тас жолының 48 шақырымында болды. Daewoo Nexia жүргізушісі жолда бос жүрген жылқымен соқтығысқан. Автокөлік жүргізушісі жолда бос жүрген жылқымен соқтығысқан. Жол апатынан зардап шеккен 44 жастағы ер адам көз жұмды. 41 жастағы автокөлік жүргізушісі ауруханаға жатқызылды.
Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Полиция жүргізушілерден жол жүру ережелерін қатаң сақтауға шақырады.