Экономика

"Қорғас" халықаралық орталығының акциялары республикалық меншіктен шығарылды

Sputnik
АСТАНА, 10 мамыр – Sputnik. "Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы" арнайы экономикалық аймағы басқарушы компаниясының акциялары республикалық меншіктен шығарылып, Жетісу облысының әкімдігіне берілді. Бұл туралы үкімет қаулысында айтылған.
"Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен "Қорғас шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы" АЭА басқарушы компаниясы" акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакеті республикалық меншіктен Жетісу облысы әкімдігінің коммуналдық меншігіне 100% мөлшерінде берілсін", – делінген қаулыда.
"Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы – Қазақстан мен Қытайдың шекаралас аумақтарында орналасқан сауда-экономикалық, инвестициялық ынтымақтастық, сондай-ақ туризмді дамыту кешені.
Қазақстан-Қытай шекарасы уақытша жабылады