Спорт

Әлем кубогы: қазақстандық параспортшылар 32 медаль жеңіп алды

Sputnik
АСТАНА, 10 мамыр – Sputnik. Грузияның Тбилиси қаласында пара пауэрлифтингтен Әлем кубогы мәресіне жетті.
Жарысқа 20 мемлекеттен 94 спортшы қатысқан. Қазақстан құрамасы 32 медаль еншіледі: 11 "алтын", 12 "күміс" және 9 "қола", деп хабарлайды мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.
Жүлделі болған спортшылар:
1.
Әйгерім Айдарқызы – 41 келіге дейінгі салмақта жасөспірімдер арасында 1-орын және үш тәсілдің қосынды сомасының нәтижесі бойынша жасөспірімдер арасында 1-орын еншіледі. Ересектер арасында 2-орын және үш тәсілдің қосындысы 2-орын иеленді.
2.
Алина Солодухина – 45 келіге дейінгі салмақта ересектер арасында 2-ші орын және әйелдер командалық жарысында 3-ші орын алды.
3.
Фариза Толжан – 55 келіге дейінгі салмақта ересектер арасында 3-орын, үш тәсілдің сомасы бойынша 2-орын.
4.
Айжан Берімқұлова – 50 келіге дейінгі салмақта ересектер арасында 2-орын және үш тәсіл сомасы бойынша 1-орын, аралас командалық жарыста 3-орын иеленді.
5.
Гүлім Құрманбаева – 45 келіге дейінгі салмақта командалық жарыс бойынша 3-ші орын.
6.
Раушан Қойшыбаева – 67 келіге дейінгі салмақта ересектер арасында 2-орын, ардагерлер арасында 1-орын және үш тәсіл сомасы бойынша 1-орын. Ал әйелдер командалық жарысында – 3-орын.
7.
Мөлдір Маханбетова – 79 келіге дейінгі салмақта ересектер арасында 3-орын және үш тәсіл сомасының нәтижелері бойынша 3-орын.
8.
Ерболат Кәрібай – 49 келіге дейінгі салмақта үш тәсіл сомасының нәтижесі бойынша ересектер арасында 3-орын және аралас командалық жарыста 3-орын.
9.
Жақсылық Баққожа – 80 келіге дейінгі салмақта үш тәсілдің қорытындысы бойынша ересектер арасында 3-орын және аралас командалық жарыста 3-орын.
10.
Рахметжан Хамаев – 88 келіге дейінгі салмақта ересектер арасында 1-орын және үш тәсіл сомасы бойынша 1-орын.
11.
Әділжан Баутов – 97 келіге дейінгі салмақта ересектер арасында 2-орын және үш тәсіл сомасы бойынша 1-орын.
12.
Снежанна Бойко – 45 келіге дейінгі салмақта жасөспірімдер арасында 1- орын және үш тәсіл сомасының нәтижесі бойынша 1-орын, ересектер арасында үш тәсіл сомасының нәтижесі бойынша 2-орын.
13.
Зарина Әшір – 50 келіге дейінгі салмақта жасөспірімдер арасында 2-ші орын және үш тәсіл сомасының нәтижесі бойынша 1-орын, ересектер арасында үш тәсіл сомасының нәтижесі бойынша 2-орын.