Көкшетаулық полицейлер жасөспірім қызды құтқарып қалды

Sputnik
АСТАНА, 10 мамыр – Sputnik. Көкшетаулық полицейлер көпқабатты үйдің шатырынан секірмек болған жасөспірім қызды құтқарып қалды, деп хабарлады Polisia.kz.
9 мамыр күні сағат 16:10 шамасында ер адам полицияға қоңырау шалып, танысы Абай көшесі, 135 мекен жайындағы көпқабатты үйдің төбесінен секіргелі жатқанын хабарлаған.
Оқиға орнына патрульдік полицейлер Бейбіт Садықов пен Әділхан Қойбағар дереу келді. Алғашқылардың бірі болып полицияның тірек пунктінде болған қызметкер Нариман Нұржаксин келді. Жағдайды бірден бағалаған полицейлер ойланбастан жоғарыға қарай жүгірді.
12-қабатқа жеткен тәртіп сақшылары дереу шатырға көтеріліп, суицид жасамақ болған қыз балаға төмен түсуге көмектесті.
Полиция қызметкерлері 2009 жылы туған кәмелетке толмаған қызды осындай шарасыз қадамға баруға не итермелегенін анықтап жатыр.
Қаратал өзенінен секірген қыз құбырға ілініп қалды