Әлем чемпионаты: ширек финалға жеті боксшымыз шықты

Sputnik
АСТАНА, 10 мамыр – Sputnik. Ташкентте өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында жеті қазасқтандық спортшы ширек финалға жетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Ширек финалға шыққан боксшылар: Махмұд Сабырхан (54 келі), Санжар Ташкенбай (48 келі), Серік Теміржанов (57 келі), Дулат Бекбауов (67 келі), Асланбек Шымбергенов (71 келі), Нұрбек Оралбай (80 келі) және Қамшыбек Қоңқабаев (+92 келі).
Бүгін ширек финалдық жекпе-жектер өтеді. Барлық жеті боксшы да шаршы алаңға шығады. Қамшыбектің қарсыласы – өзбек боксшысы Баходир Джалолов. Барлық жекпе-жек Qazsport арнасынан көрсетіледі. Басталуы – 15:00.
Айта кетері, Ташкенттегі әлем чемпионатына 13 боксшымыз барды. Алтауы жарыс жолынан шығып қалды. Олар: Сәкен Бибосынов (51 келі), Талғат Сырымбетов (60 келі), Санатәлі Төлтаев (63,5 келі), Нұрқанат Райыс (75 келі), Сағындық Тоғамбай (86 келі) мен Айбек Оралбай (92 келі).
Сәкен Бибосынов Ташкенттегі әлем чемпионатында ұтылып қалды