Әлем чемпионаты: қазақ боксшыларының ширек финалдағы қарсыласы кім

Sputnik
АСТАНА, 10 мамыр – Sputnik. Бүгін Өзбекстанның Ташкент қаласында бокстан әлем чемпионатының ширек финалдық жекпе-жектері өтеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Қазақстан құрамасынан ширек финалға жеті боксшы өтті.
Күндізгі сессия:
57 келі: Серік Теміржанов – Сайдел Иван Орта Родригес (Куба);
71 келі: Асланбек Шымбергенов – Макан Траоре (Франция);
80 келі: Нұрбек Оралбай – Хуссейн Эйшаиш Ишайш (Иордания);
Кешкі сессия:
48 келі: Санжар Тәшкенбай – Кадзума Аратаке (Жапония);
54 келі: Махмұд Сабырхан – Мохаммед Амаду (Гана);
67 келі: Дулат Бекбауов – Мигель Анхель Мартинес (Мексика);
92 келіден жоғары: Қамшыбек Қоңқабаев – Баходир Жалолов (Өзбекстан);
Барлық жекпе-жек Qazsport арнасында көрсетіледі. Күндізгі сессия 15:00-де, кешкісі 19:00-де басталады.
Айта кетері, Ташкенттегі әлем чемпионатына 13 боксшымыз барды. Алтауы жарыс жолынан шығып қалды. Олар: Сәкен Бибосынов (51 келі), Талғат Сырымбетов (60 келі), Санатәлі Төлтаев (63,5 келі), Нұрқанат Райыс (75 келі), Сағындық Тоғамбай (86 келі) мен Айбек Оралбай (92 келі).