АСТАНА, 9 мамыр – Sputnik. Қазақстанда ТМД дипломатиялық миссияларының өкілдері Отан қорғаушылар монументіне барып, мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Дипломаттар генерал Иван Панфилов пен 28 гвардияшы-панфиловшылар ескерткішіне де барды. Салтанатты шара Ұлы Жеңістің 78 жылдығына арналып отыр.
Астаналықтар Мәңгілік алау монументіне гүл шоқтарын қойып, Ұлы Отан соғысында қаза тапқан батырларды еске алды
© Sputnik / Владислав Воднев
Ресей елшісі Алексей Бородавкиннің айтуынша, ТМД диполоматтары салтанатты шараға қатысып, ҰОС батырларының рухына тағзым етті.
"Олар елімізді жауға бермей, өз кеудесімен қорғап қалды, Берлинді алды", - деп атап өтті Бородавкин.