Ұлы Жеңістің 78 жылдығына арналған мерекелік шаралар өтуде. Бұл күн мемлекеттік мейрамдар тізіміне кіреді.
Бүгін барлық өңірде соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне құрмет көрсетіліп жатыр. Мәдени-бұқаралық шаралар, соның ішінде концерттер, экспозияциялар мен көрмелер ұйымдастырылуда.
7 мамырдан бастап әскери оркестерлер ардагерлердің үйіне дейін барып, аулада концерт өткізді. Барлық қалада дәстүр бойынша мемориалдар мен ескерткіштерге гүл шоқтары қойылды. Халық батырлардың рухына тағзым етті.
Бұған дейін еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ардагерлерге берілетін бір реттік материалдық көмектың көлемі жариялаған. Биыл оның сомасы кем дегенде 1,5 миллион теңгені құрайды.
Петропавл қаласында Жеңіс күніне арналған концерттер мен салтанатты шаралар өтті.
© Sputnik / Елена Бережная
Петропавл қаласында Жеңіс күні арналған концерттер және тағы басқа салтанатты шаралар өтті. Түске дейін Мәңгілік алау мемориалына және Жеңіс стеласына гүл шоқтары қойылды. Оған 95 жастағы ардагер Иван Клименко да қатысты. 314-ші атқыштар дивизия сарбаздарына арналған ескерткішке де гүл шоқтары қойылды.
Айта кетері, аңызға айналған 314-ші атқыштар дивизиясы Петропавл қаласында 1941 жылы жасақталған болатын. Сол кезде оның құрамына 11 мыңға жуық адам өз еркімен кіруге өтініш білдірді. 45 проценті – Солтүстік Қазақстанның тұрғындары. Олар Ленинград майданында шайқасты. Свирь өзеніндегі қорғаныс шебін ұстады. Ал Кингисепп қаласын азат еткені үшін " Кингисепп атқыштар дивизиясы" деп атанды. Өкінішке қарай, бүгінде дивизия құрамына болған бірде-бір сарбаз қалмады.
Жеңіс саябағында "Батырлар ел есінде" театрланған бағдарлама ұйымдастырылды. Ал кешке қарай ретро-бағдарлама өтеді. Петропавлдың орталық алаңында да мерекелік концерт өтіп жатыр.
"Qyzyljar art Center" тарихи-өлкетану музейінде "Волжская твердыня!" фотокөрмесі ашылды.
Қызылорда тұрғындары "Тағзым" алаңында жиналып, мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды. Облыстың Шиелі ауданында 100 жасатағы ардагер Сәрсенбек Байжанов тұрады. Ол 19 жасында майданға шақырылған. Сталинград түбіндегі шайқастардың бірінде оның қасында мина жарылып, Байжановтың қолы мен аяғына снарядтар түсіп, бір көзін жарақаттады. Ол бір жылға жуық ауруханада емделді.
Қызылорда тұрғындары "Тағзым" алаңына жиналып, мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды.
© Sputnik
Сталинград түбіндегі шайқастарда көрсеткен ерлігі мен қаһармандығы үшін Сәрсенбек Байжанов "Қызыл Жұлдыз" орденімен марапатталды. Биыл жерлестері ардагерге көлік сыйлады.
Бүгінде Қызылорда облысында Ұлы Отан соғысының 6 ардагері ғана қалған.
Өскемен қаласында Жеңіс күніне арналған концерт ұйымдастырылды. Далада әскери шатырлар да тігіліп, сарбаздың ботқасы таратылды. Мәңгілік алау алаңында әскери әндер концерті өтті. Оған жергілікті ансамбльдер, театр мен би ұжымдары қатысты.
Жетісу облысында мерекелік шаралар таң атпай басталды. Алдымен Талдықорғанда тұратын үш ардагерге құрмет көрсетілді. Оларға облыс әкімі де барды. Одан кейін орталық алаңда мерекелік шаралар ұйымдастырылды. Әскери техника көрмесі ашылды, балалар Жеңіс күніне арнап сурет салды. Ал ардагерлер даладағы шатырға барып, сарбаз ботқасын жеп көрді.
Жетісу облысында орталық алаңда мерекелік шаралар ұйымдастырылды.
© Sputnik
"Ұрпақтар ұмытпайтын Ұлы Жеңіс!" театрланған қойылымдар да ұйымдастырылды. Оған қала мен облыстың шығармашылық ұжымдары қатысты. Одан кейін мерекелік шаралар "Талдыкорган" ипподромында жалғасты. Сол жерде ұлттық спорт түрлері бойынша республикалық турнир өтті.
Павлодарда Жеңіс күнін Әскери даңқ музейінде атап өтті. Алдымен гүл шоқтары қойылды. Одан кейін концерт ұйымдастырылды. Соғыс жылдарына арналған қойылымдар болды. Орталық саябақ пен Мәдениет үйінің алдында мерекелік концерттер өтті. Соғыс кезінде Павлодар облысынан 22 мың адам майданға аттанды. Олардың жартысы қаза тапты және із-түзсіз жоғалды.
Жалпы, соғыс уақытында Қазақстаннан 1,2 миллионнан астам адам майданға шақырылды. Республикада 20-дан астам атқыштар дивизиясы және тағы басқа әскери құрамалар жасақталды. Соғыста көрсеткен ерлігі үшін мыңдаған қазақстандық медаль мен орденмен марапатталды, шамамен, 500 адам Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды. Төртеуі осы медальді екі рет алды. 110 қазақстандық үш дәрежелі Даңқ орденімен марапатталған болатын.