Астанада құрылыс алаңында кран құлады - бір адам зардап шекті

Sputnik
АСТАНА, 9 мамыр - Sputnik. Capital Park тұрғын үй кешенінің құрылыс алаңында мұнара кран құлады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан өндірістік қауіпсіздік комитетіне сілтеме жасап.
Төтенше жағдай бүгін сағат 11:20-да болған. BI GROUP компаниясы салып жатқан "Capital Park" тұрғын үй кешенінің құрылыс алаңында мұнаралы кранды құрастыру кезінде жебесі автокранның үстіне құлады.
Автокранда болған машинист дереу ауруханаға жеткізілді. Денсаулық басқармасы ұсынған ақпаратқа сәйкес, жарақат алған автокран жүргізушісі - 24 жастағы жігіт. Омыртқаның мойын тұсы сынған. Миы шайқалып, басынан жарақат алды. Жағдайы орташа ауыр.
Ал мұнаралы кранды құрастыру жұмыстарына "Alem Sauda LTD" ЖШС жауапты болған.
Комитет мамандарының айтуынша, кранды құрастыру технологиясы бұзылған. Атап айтқанда, секцияаралық жебені ұстайтын бекіткіштер болмаған. Қазіргі кезде оқиға орнына инспекторлар жіберілді.
Өңірлер
Павлодарда дүкенге кран құлады