АЛМАТЫ, 9 мамыр – Sputnik. Алматыда Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 78 жылдығы тойлана бастады.
Алматыда Жеңіс күніне арналған мерекелік іс-шаралар басталды
© Sputnik/Ертай Сарбасов
28 гвардияшы-панфиловшы атындағы саябақта Даңқ мемориалындағы Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қою рәсімі өтіпжатыр. Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев та гүл шоқтарын қойды.
Алматыда Жеңіс күніне арналған мерекелік іс-шаралар басталды
© Sputnik/Ертай Сарбасов
Көптеген алматылық саябаққа Ұлы Отан соғысын бастан өткерген туыстарының портретін алып келді.
Сондай-ақ Жеңіс күніне арналған мерекелік концерт болады. Қазақ өнерпаздары майдандағы әндер мен соғыстан кейінгі жылдардағы әндерді орындайды.
Алматыда Жеңіс күні қалай тойланады
Аудан әкімдерімен бірге мемориалдық тақталарға, монументтерге, соғыс қаһармандарының ескерткіштеріне (Б. Момышұлы монументі, Т. Бигелдинов, С. Нұрмағамбетов, Р. Қошқарбаев, Ә. Молдағұлова мен М. Мәметова, С.Нұрмағамбетов ескерткіштері, С.Луганский бюсті, "Отан ұлдарына мәңгілік естелік", "Отан үшін шайқаста қаза тапқан батырларға мәңгілік даңқ" мемориалдары) гүл шоқтары қойылады.
Сонымен қатар заманауи әскери техника мен қару-жарақ көрмесі ұйымдастырылады.
Бірнеше ауданда мерекелік шаралар, атап айтқанда, сағат 10:00-ден 14:30-ға дейін Вознесенский соборының алдындағы алаңда концерттік бағдарлама өтеді.
11:00-ден 16:30-ға дейін Арбатта (Жібек жолы мен Панфилов қиылысы) және Ш.Уәлиханов атындағы атындағы саябақта қала тұрғындары мен қонақтары үшін концерт қойылады.