Өңірлер

Жасөспірімді аяусыз соққыға жыққан: желіде тараған видео фейк болып шықты

Кәмелетке толмаған бала видеоны интернеттен жүктеп, жалған ақпарат таратқан
Sputnik
АЛМАТЫ, 8 мамыр – Sputnik. Әлеуметтік желіде жастардың жасөспірімді аяусыз соққыға жыққаны түсірілген бейнежазба тарады. Оқиға Қызылорда облысының Қазалы ауданында болғаны айтылған. Алайда тексеріс кезінде видеоның интернеттен жүктелгені және ешқандай төбелес болмағаны белгілі болды.
Полиция тексеріс кезінде видеодағы жігіт – Қазалы ауданының кәмелетке толмаған тұрғыны екенін анықтады.
"Оның айтуынша, әлеуметтік желіге жарияланған видеоны ол бір жыл бұрын ғаламтордан көшіріп алған және соларды қиып, монтаждап, жариялаған. Ол видеода көрсетілген оқиғаның Қазалы ауданында болмағанын және өзі жаппай төбелеске қатыспағанын айтты", - деп жазады Polisia.kz.
Полицияның ақпаратынша, бейнежазба әлеуметтік желіден 1 жыл бұрын өшірілген.
Тәртіп сақшылары бөлімшеге жасөспірімнің анасын да шақырып, профилактикалық әңгіме жүргізді.
Өңірлер
Қараөткел ауылында мектептегі жиналыс кезінде төбелес болды – видео