Қоғам

Тоқаев Ресейде Жеңістің 78 жылдығына арналған парадқа қатысады

Ресей президенті әскери парадқа ТМД-ға мүше елдердің басшыларын шақырған болатын
Sputnik
АСТАНА, 8 мамыр – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 8-9 мамыр күндері Ресейге жұмыс сапарымен барады. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
Президент Тверь облысындағы Ржев мемориалына барып, 100-ші және 101-ші атқыштар дивизияларының құрамында шайқасып, қаза тапқан қазақ жауынгерлерінің рухына тағзым етеді. Ржев шайқасы Ұлы Отан соғысы кезіндегі ең ірі ұрыстардың бірі саналады.
Сонымен қатар мемлекет басшысы Трубино деревнясындағы бауырластар зиратына барады. Онда президенттің әкесінің ағасы Қасым Болтаев та жерленген. Ржев түбіндегі шайқасқа Қазақстаннан 22 мыңға жуық сарбаз бен офицер қатысты.
Тоқаев 9 мамыр күні Ресей президенті Владимир Путиннің шақыруымен Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 78 жылдығына арналған парадқа қатысады.
Бұл шараға Ресей тарапы ТМД-ға мүше елдердің басшыларын шақырған.
Мемлекет басшысы "Отан Ана" монументіне гүл шоғын қойды