Петропавлда ірі өрт сөндірілді: 9 үй жанып кетті

Sputnik
АСТАНА, 8 мамыр – Sputnik. Петропавлда 8 мамырға қараған түні тоғыз үй өртенуіне әкелген ірі өрт сөндірілді. Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысының төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
СҚО ТЖД хабарлағандай, 7 мамырда сағат 18:57-де басталып, қамыстан жақын маңдағы үйлерге тараған өрт 9 ғимаратты, атап айтқанда, 540 шаршы метр аумақта жеті тұрғын үй және екі бөлек нысанды, "Сервис Вектор" жеке кәсіпкерлігіне тиесілі гаражды және үш автобусты шарпыды. Аумақтан 40 адам, оның тоғыз бала эвакуацияланды.
Петропавл, өрт
Оқиға орнында "Өрт сөндіру және апатты-құтқару жұмыстары қызметі" ММ, СҚО ТЖД, Оңтүстік Орал темір жолы Петропавл бөлімшесінің әскерилендірілген өрт сөндіру командалары, жергілікті атқарушы органдар, "Қызылжар су" және мемлекеттік емес өрт сөндіру қызметі, Полиция департаментінің күштері мен құралдары – барлығы 137 адам мен 28 техника жұмыс істеді.
Сағат 21:55-те өрт оқшауландырылып, 8 мамыр күні сағат 01:01-де Сенная, 5 мекенжайында өрт жойылды. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
Петропавл, өрт
Өрт болған күні жоғары температура тіркеліп, облыс аумағында өрт туындауына байланысты өртке қарсы қызметтер бірінен соң бірі құтқару шараларына кірісті. Бұл өрт қауіпсіздігі ережелерін өрескел бұзу, от жағу, ауыл шаруашылығы аумағындағы жерлерді өрттеуден пайда болған.
Петропавл, өрт
Еске салсақ, Петропавлда 7 мамыр, жексенбі күні кешке ірі өрт болды. Әлеуметтік желіде өрт туралы хабарламалар мен видеолар тарады. Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Айдарбек Сапаров Петропавл қаласының шетіндегі "Береке" шағын ауданындағы ірі өрт орнына келіп, өрттен зардап шеккендермен кездесті.
Петропавл, өрт
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Айдарбек Сапаров өрттен зардап шеккендерге уақытша баспана беруге уәде берді.
"Бүгін "Береке" ықшам ауданында өрт шықты. Зардап шеккен үйлердің тұрғындары уақытша 25-ші мектептегі эвакуациялық пунктке орналастырылды. Олар азық-түлікпен және түнеу орындарымен қамтамасыз етілді. Мен өрттен зардап шеккендермен кездестім. Арнайы комиссия құрылды. құрылды. Біз адамдарды уақытша баспанамен қамтамасыз етеміз", - деді Айдарбек Сапаров әлеуметтік желідегі парақшасында.
Сонымен қатар өрт салдарынан бір адамның зардап шеккені, оның ауруханаға жатқызылғаны белгілі болды. Жәбірленуші туралы Петропавл әкімі Руслан Анбаев баяндады.