Маңғыстауда жаңа туған нәрестені сатпақ болған әйел ұсталды

Sputnik
АСТАНА, 8 мамыр – Sputnik. Маңғыстау облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы жаңа туған нәрестені саудалау фактісін анықтады, деп хабарлайды Polisia.kz.

"4 мамыр күні сағат 13:00 шамасында жаңа туған сәбиді сатып, ақша алған 35 жастағы күдікті ұстады. Күдіктінің тұрғылықты жерін тінту барысында заттай дәлелдемелер тәркіленді", - деп жазылған хабарламада.

Сондай-ақ полиция қызметкерлері сәбиді алған 38 жастағы күдіктіні ұстады. Бала сот шешімі шыққанға дейін Ақтау қаласының облыстық мамандандырылған балалар үйіне орналастырылды.
Полицияда хабарлағандай, осы дерек бойынша ҚК-нің 135-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктілерден мойындау жауаптары алынды.
Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр және тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді.
Өңірлер
Алматы облысында екі бірдей сәбиін сатпақ болған әйел ұсталды