Елена Рыбакина WTA рейтингінде рекордтық орынға көтерілді

Sputnik
АСТАНА, 8 мамыр – Sputnik. Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) жеке және жұптық разрядтағы спортшылардың рейтингінің жаңа нұсқасын жариялады, деп жазды Sports.kz.
Үздік үштікте ешқандай өзгеріс жоқ: польшалық Ига Швёнтек көш бастап тұр, беларусь Арина Соболенко екінші орында, америкалық теннисші Джессика Пегула үшінші орында тұр.
Қазақстан өкілдерінің ең мықтысы Елена Рыбакина жетінші орыннан алтыншы орынға көтерілді. Бұл Еленаның мансабындағы рекордтық орын. Тунистік Онс Жабер жетінші орынға төмендеді, ал бесінші орын америкалық Коко Гауфқа тиесілі.
Юлия Путинцева әлі де 51-орында тұр. Жұптық рейтингте чехиялық екі спортшы Катерина Синякова, Барбора Крейчикова және Пегула үздік үштікке енді.
Қазақстандық теннисші Анна Данилина бір позицияны артқа тастап, 26-шы орынға жайғасты. Рыбакина 13 сатыға көтеріліп, 82-ші орында тұр.
Спорт
Елена Рыбакина қазақстандық жас теннисшілерге 2,5 млн теңгеден берді