АСТАНА, 8 мамыр – Sputnik. Астана қаласында Есіл және Ақбұлақ өзендерін биологиялық ремедиациялау (оңалту) пилоттық жобасы іске қосылды, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің ресми сайты.
Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасының бастамасымен суға екі мың литрге жуық хлорелла суспензиясы төгілді.
Іс-шараға Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің, Астана қаласы әкімдігінің, Экология департаментінің, Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Есіл бассейндік инспекциясының, "Қазсушар" РМК, "Бұқтырма уылдырық шашу-өсу шаруашылығы" ЖШС өкілдері, студенттер мен еріктілер белсенді қатысты.
Жобаның мақсаты – су қоймасының экожүйесін қалпына келтіру және биологиялық мелиорация әдісімен антропогендік жүктемені азайту. Бұл әдіс қопсытқыш қондырғыда өсірілген "хлорелла" бір жасушалы жасыл балдырлардың штамдарын қолдануды қамтиды.
Суспензия – балдырларға арналған қоректік орта. Ол қанық жасыл түске және судың физикалық қасиеттеріне ие. Оны өсіру үшін планктон штамдары қолданылады.
Су қоймаларын улы заттардан тазартуда және балдырлармен эвтрофикациялауда балдырлар суспензиясын қолдану әдісі су қоймасына концентрацияланған суспензияны енгізуден тұрады. Нәтижесінде тазарту және оңалту кезінде су қоймасының экологиялық жағдайы келесі көрсеткіштер бойынша жақсарады деп жоспарланған: