АСТАНА, 8 мамыр – Sputnik. Алматыда Жеңіс күні мен Отан қорғаушылар күніне арналған велошеру өтті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Әуесқой және кәсіби спортшылар қаланың жоғарғы жағындағы "Нұрлы Тау" бизнес орталығының аймағына жиналып, велошабандоздар легі полиция көліктерінің сүйемелдеуімен қаланы аралап, 28 Панфиловшылар атындағы саябақта велошеруді аяқтады.
Алматы
© Sputnik/Александр Мироглов
Алматы велоқауымдастығы ұйымдастырған шараға 150-ге жуық спортшы қатысты, деп хабарлады ұйымдастырушылар. Велошеру кезінде оңтүстік астанада жолдар жабылмады.
Шеруге қатысушылар батырлар мен ардагерлердің рухына тағзым етіп, Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды.