Шымкентте кәсіпкерлікті қолдауға 18 млрд теңге бөлінді

Sputnik
АСТАНА, 7 мамыр – Sputnik. Биыл Шымкентте кәсіпкерлікті қолдау мақсатында 18,7 млрд теңге қаржы бөлінді.
Оның 15,2 миллиарды республикалық бюджет қаржысы болса, жергілікті бюджеттен 3,5 млрд теңге қаралды, деп жазды Otyrar.kz.
Жыл басынан бері 1,4 млрд теңгеге 2 056 жобаға қолдау көрсетілді. Ал "Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021 – 2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы" шеңберінде 17,3 млрд теңге бөлінген. Қазірге дейін 1 922 жоба қаржылай қолдауға ие болды.
Астанада жас кәсіпкерлерге жеңілдетілген кредит беріледі