АСТАНА, 7 мамыр – Sputnik. Олимпиада жүлдегері Сәкен Бибосынов Ташкенттегі әлем чемпионатында бірінші жекпе-жекте ұтылып қалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Қазақстандық боксшы 1/16 финалда үндістандық Дипак Кумармен жұдырықтасты. Бірақ ұпай санымен ұтылды. Осылайша, Сәкен Бибосынов әлем чемпионатында бірінші айналымнан өтпей қалды.
51 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп жүрген Бибосынов соңғы әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алған болатын. Бұған дейін Олимпиаданың қола жүлдегері болды. Азия чемпионаттарында да күміс пен қола алған. Ал оның қарсыласы Дипак Кумар 2019 жылға Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанған болатын.
Ал 57 келіде бокстасып жүрген Серік Теміржанов әлем чемпионатында екінші жекпе-жегін өткізді. Қазақстандық боксшы 1/8 финалда венгриялық Роланд Верешті жеңді.