ҚЫЗЫЛОРДА, 7 мамыр - Sputnik. Жеңіс күні қарсаңында Қызылорда облысы Шиелі аудан орталығындағы ардагер Сәрсенбек Байжановқа жерлестері көлік кілтін табыс етті.
Қызылорда облысында жерлестері 100 жастағы ардагерге көлік сыйлады
© Photo : Пресс-служба акимата Кызыординской области
Сәрсенбек атаның үйіне қонаққа барған Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев жүз жастағы ақсақалды құттықтады.
"Бейбітшілік үшін рахмет!", - деді әкім ардагерге.
Майдангер жерлестеріне көрсеткен ілтипаты мен қамқорлығы үшін алғыс айтып, барша қазақстандықтарға бейбітшілік пен гүлдену тіледі.
Бүгінде Қызылорда облысында Ұлы Отан соғысының 6 ардагері ғана қалған.
Сәрсенбек Байжанов 19 жасында майданға шақырылған. Сталинград түбіндегі шайқастардың бірінде оның қасында мина жарылып, Байжановтың қолы мен аяғына снарядтар түсіп, бір көзін жарақаттады. Ол бір жылға жуық ауруханада емделді.
Сталинград түбіндегі шайқастарда көрсеткен ерлігі мен қаһармандығы үшін Сәрсенбек Байжанов "Қызыл Жұлдыз" орденімен марапатталды.