Елорда тынысы

Астанада негізгі көшенің бір бөлігі жабылды

Sputnik
АСТАНА, 7 мамыр – Sputnik. Астанада Тұран даңғылында орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты бір бөлігінде қозғалыс толығымен жабылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қала әкімдігіне сілтеме жасап.
6-12 мамыр аралығында Бұқар Жырау көшесінен Орынбор көшесіне дейінгі учаскеде көлік үшін қозғалыс толығымен жабық болады.
Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы бұл шараны Астана қаласы полиция департаментінің әкімшілік полиция басқармасымен келіскен. Жабылған жол учаскесінде орташа жөндеу жұмыстары басталды.
Елорда тұрғындары мен қонақтары кептеліске тап болмау үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлап отыруы қажет.
Елорда тынысы
Астанада 3-қабаттан құлап кеткен бүлдіршінді көршілері құтқарды