Жаңаөзенде мұнай компаниясы жұмыссыздықты шешуге атсалысады

Sputnik
АСТАНА, 6 мамыр - Sputnik. Жаңаөзенде "ҚазМұнайГаз" өкілдері жергілікті кәсіпкерлермен кездесіп, тауар өндірісі мен қызмет түрлерін дамыту мәселесін талқылады, деп хабарлайды "Хабар 24".
Енді жергілікті мұнай мекемелері отандық өндірушілермен өзара серіктестікті нығайтады. Бұл өңірдегі жұмыссыздық мәселесін шешіп, кәсіпкерліктің көкжиегін кеңейтуге мүмкіндік береді.
Жиынға қатысушылар ұсыныстарды қарайтын арнайы шағын топ құру туралы шешім қабылдады.
Айта кетейік, қазір қала кәсіпкерлері ысырмалар мен шыны пластикалық құбырларды жөндеу, гидравликалық кілтті жалға алу және металл сынықтарын радиациядан тазарту сынды қызметтерді қолға алған.