АСТАНА, 6 мамыр - Sputnik. Риддерде саябақтың орнына мектеп салынбақшы. Қала билігі жасыл желекті тып-типыл етіп құрылыс бастамақшы болған. Осыны естіген тұрғындар шенеуніктердің бұл шешіміне жаппай қарсы шықты, деп хабарлайды КТК.
Олар дендробақтағы шетелден әкеліп отырғызылған жасыл желектің бірде - бірін отауға жол бермейміз дейді. Сондықтан жиналғандар құрылыс бастауға басқа орын табуды талап етуде. Талай жылдан бері тұрған саябақтың орнына мектеп салынады дегенді естігелі тұрғындардан маза қашты.
Себебі, жасыл-желек оталса, күнделікті серуеңдейтін орын таппаймыз деп қынжылады жиналғандар. Қазір шағын шаһардың жасы да, жасампазы да осы демалыс орнына келуге құштар. Себебі, мұнда табиғатқа көрік беретін 50-ден астам ағаш отырғызылған. Жұрттың айтуынша, елмізде жоқ көшеттердің басым бөлігі шет мемлекттерден әлінген.
"Құрылыс жүргізу үшін екінші нәрсені бұзудың қажеті жоқ. Өрт болғанда орманның көп бөлігі жанып кетті. Қаламыздың табиғаты құрып барады. Бізде қазір қалғаны осы дендропарк қана", - дейді қала тұрғыны Татьяна Пирсенко.
Ал шенеуніктер жасыл-желегі жайқалған алқап саябақ қатарына жатпайды дейді. Бұл жер Кеңес дәуірінде студенттердің сынақ жүргізетін алаңы болған екен. Қазір ешкім күтім жасамай, айналасы күл-қоқысқа толып бос қалған көрінеді. Сондықтан шенеуніктер 300 оқушыға арналған мектеп тұрғызуды жөн санапты.
"Мектеп құрлысы дәл осы жерден жүргізіледі. Келешекте жаңа мектептің ұжымы мен атааналар күтімге алатын болады. Қазір халық саны көбейгендіктен мектеп тапшылығы туындап жатыр. Осы аудандағы мектеп толып кеткендіктен жаңа оқу орнын салу маңызды", - дейді Риддер қаласы әкімінің орынбасары Әсем Ағажаева.
Мамандар саябақтағы тал-терек түгел оталмайтынын айтуда. Соған қарамастан тұрғындар жаппай қол жинап, құрылысты жүргізбесін деген талаппен елордаға аттанбақ.