Қазақстанда қай өңірде ерлердің саны көп

Sputnik
АСТАНА, 6 мамыр – Sputnik. Ұлттық статистика бюросы Отан қорғаушыла күні қарсаңында Қазақстандағы ер адамдардың статистикасын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
2023 жылдың басында Қазақстан халқының саны 19 766 мың адамды құраса, соның 9 млн 647 мыңы – ер адамдар. 0-14 жас аралығындағы ер балалар - 3 млн; 15-62 жас аралығындағы ерлер саны – 5 876 мың; 63 жастан жоғары зейнеткер саны – 767 мың;
"Өңірлер бөлінісінде ерлердің саны Түркістан облысында көп – 1 млн. 079 мың, ал ең азы Ұлытау облысында – 108 мың", - делінген ресми хабарламада.
Қазақстана ер азаматтардың көбісі өнеркәсіпте (16,8%), көтерме және бөлшек сауда, автожөндеу саласында (14%), ауыл, орман және балық шаруашылығында (14%) жұмыс істейді.
Ерлердің өмір сүру ұзақтығы – 70,2 жыл. Орташа жасы – 30,5 жас. Некеге тұрған ерлердің орташа жасы – 28 жас.