Саясат

СІМ басшысы ШЫҰ-ға мүше кейбір мемлекет министрлерімен екіжақты келіссөз өткізді

Sputnik
АСТАНА, 6 мамыр – Sputnik. Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Үндістанның сыртқы істер министрі Субраманьям Джайшанкармен келіссөз жүргізді.
Кездесу Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің сыртқы істер министрлерінің кеңесі отырысының аясында өтті.
Тараптар саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы Қазақстан-Үндістан ынтымақтастығын дамытудың қазіргі жағдайы мен перспективаларын талқылады, деп хабарлады СІМ баспасөз қызметі.
Былтыр екі жақты сауда айналымы 2,5 миллиард АҚШ долларына жеткен.
Нұртілеу сауда-экономикалық қатынастарды кеңейту мен әртараптандыру, сондай-ақ өзара қызығушылық тудыратын бірлескен жобаларды іске асырудың маңыздылығын ерекше атап өтті.
Кездесудің нәтижесі бойынша тараптар Қазақстан мен Үндістан арасындағы ынтымақтастықты іс жүзінде кеңейтү үшін тығыз байланыстарды қолдап тұруға келісті.
Визасыз режим Қытай азаматтарына Қазақстанда жұмыс істеуге құқық бермейді – СІМ