Коронавирус пандемиясы аяқталды - ДДСҰ

Sputnik
АСТАНА, 6 мамыр-Sputnik. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы COVID-19 пандемиясының статусын жойды.
"Бір жылдан астам уақыт бойы пандемия төмендеу үрдісін сақтап келген: халықтың инфекцияларға қарсы иммунитеті артып, өлім-жітім азайып, денсаулық сақтау жүйесіне қысым азайып келеді. Бұл көптеген елдерге коронавирус инфекциясы басталғанға дейінгі өмірге қайта оралуға мүмкіндік берді, сондықтан мен пандемияның аяқталғанын жариялай алам деген үміттемін", - деді ДДСҰ бас директоры Тедрос Гебрейесус Женевада өткен баспасөз мәслихатында.