АСТАНА, 6 мамыр – Sputnik. Астанада химиядан оқушыларға арналған 57-ші Халықаралық Менделеев олимпиадасы аяқталды.
Андрей Дубинский
© Sputnik / Владислав Воднев
Андрей Мельниченко атындағы қор құрған академик Валерий Лунин атындағы сыйлықтың абсолютті жеңімпазы және лауреаты дарынды балаларға арналған республикалық лицейдің 11-сынып оқушысы Андрей Дубинский (Ресей, Мордовия Республикасы) болды.
"Мен Қазақстанға, Астанаға бірінші рет келіп ұрмын. Маған қала қатты ұнады. Бұл өте әдемі, өте таза қала. Архитектуралық көрікті жерлер өте көп", - деп бөлісті жеңімпаз.
Менделеев олимпиадасы
© Sputnik / Владислав Воднев
Ұйымдастырушылардың айтуынша, олимпиадаға әлемнің 21 елінен 113 оқушы қатысты. Олар 34 қола, 23 күміс және 11 алтын жүлдені сарапқа салды.