Президент әскери атақ үшін жалақыны көтеруді тапсырды

Sputnik
АСТАНА, 5 мамыр - Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әскери атақ үшін айлық ақыны көтеруді тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
“Биыл әскери ұшқыштардың жалақысы орташа алғанда 60 процентке өседі. Осы саладағы оқытушылар мен дәрігерлердің жалақысы да көбейеді. Келесі жылы әскери атақ үшін төленетін айлық ақы 30 пайызға артады”, - деді Тоқаев бүкілармиялық кеңесте.
Осы орайда мемлекет басшысы әскери қызметшілердің зейнетақымен қамту мәселесі де қайта қаралып жатқанын жеткізді.
“Сержанттарды, офицерлерді әлеуметтік қолдау жұмысы жалғасады. Олар тұрмысына алаңдамай, ел қорғауға сақадай сай болуы керек”, - деп атап көрсетті Тоқаев.
Айта кетері, бүгін Астанада бүкілармиялық кеңес өтті. Оған қорғаныс министрлігі, ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі, мемлекеттік күзет қызметі, ұлттық ұлан және тағы басқа әскери құрылымдар қатысты.
Жиында әскери дайындық пен армияны технологиялық тұрғыда жаңғырту мәселелері талқыланды.