"Конструктор" автокөліктерді заңдастыруға рұқсат етілді – үкімет қаулысы

Sputnik
АСТАНА, 5 мамыр – Sputnik. Үкімет "конструктор" автокөліктерді заңдастыруға рұқсат беру туралы қаулы қабылдады, деп хабарлады премьер-министрдің баспасөз қызметі.
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін Қазақстанға әкелінген шетелдік автокөліктерді заңдастыруға мүмкіндік берілді. Ал елге қосалқы бөлшектер ретінде әкелінген көлік иелері ресми тіркеу құжаттарының жоқтығынан қиындықтарға тап болды.
Үкімет бұл мәселені шешу үшін азаматтарға "конструктор" автокөліктерді заңдастыруға және бастапқы тіркеуді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін тиісті ережелерге өзгерістер енгізді.
Мұндай көлік құралдарын бастапқы тіркеу үшін алым мөлшерлемесі 200 мың теңгені құрайды.
Тіркелу үшін:
өтініш;
ішкі істер органдарының уәкілетті қызметкері берген көлік құралын тексеріп-қарау актісі;
техникалық тексеріп-қараудың диагностикалық картасы болуы қажет.
Автокөліктерді заңдастыру үшін өтінімдерді Egov қызметтері және екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары арқылы беруге болады.
Айта кету керек, Қазақстанға қосалқы бөлшектер түрінде әкелінген және кедендік тазартудан өтпеген автокөлікті тіркеу куәлігінде меншік құқығын өзгертуге тыйым салынатыны және тек Қазақстан аумағында пайдалануға рұқсат берілетіні туралы жазба көрсетіледі.
Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, акция басталғалы республика бойынша 107 мыңнан астам көлік заңдастырылған. Сонымен қатар 14 мыңға жуық "конструктор" автокөлік анықталған.
Жыл басынан бері 100 мыңнан астам шетелдік көлік заңдастырылды