Қытай туристері Қазақстанға $16 млн кіріс кіргізді

Sputnik
АСТАНА, 4 мамыр - Sputnik. Былтыр Қазақстанға Қытайдан келген туристерден түскен кіріс 16 млн долларды құрады, деп хабарлады Kazakh Tourism ұлттық компаниясының баспасөз қызметі.
Бұл 2021 жылмен салыстырғанда екі есе көп. Алдыңғы жылы кіріс көлемі 8,9 миллион доллар болған. Бір қытайлық турист Қазақстанға демалуға келгенде орта есеппен мың доллар жұмсайды екен.
"Қазақстан туристік дестинация ретінде бірқатар елдердің, соның ішінде ҚХР азаматтарының сұранысына ие. Қытайлық туристердің визасыз болу мерзімін 14 күннен 30 күнге дейін ұзарту бизнеске олардан көбірек пайда табуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар басқа елдерден саяхатшыларды тарту бойынша белсенді жұмыс жұмыс қарқынды жүріп жатыр", – деп атап өтті "Kazakh Tourism "ҰК" АҚ басқарушы директоры Даниэль Сержанұлы.