Қазақстан-Қытай шекарасы уақытша жабылады

Sputnik
АСТАНА, 4 мамыр – Sputnik. 7 және 9 мамырда қазақстан-қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пункттері жұмыс істемейді, деп хабарлайды мемлекеттік кірістер комитеті.
"Мереке күндеріне байланысты 2023 жылғы 7 және 9 мамырда қазақстан-қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пункттерінде тұлғаларды, көлік құралдары мен жүктерді өткізу жүзеге асырылмайды. Қазақстан-қытай шекарасындағы теміржол өткізу пункттері штаттық режимде жұмысын жалғастырады", - делінген хабарламада.
Ведомство тасымалдаушылардан және шекараны кесіп өтуге барлық ниет білдірушілерден енгізілген шектеулерді ескере отырып, өз бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұрады.
Визасыз режим Қытай азаматтарына Қазақстанда жұмыс істеуге құқық бермейді – СІМ