Қоғам

Қазақстан 26 елмен визасыз режим енгізу туралы келіссөз жүргізіп жатыр

Sputnik
АСТАНА, 4 мамыр – Sputnik. Қазақстан 26 елмен өзара визасыз режим енгізу туралы келіссөздер жүргізіп жатыр, деп хабарлайды мәдениет және спорт министрлігі.
Олардың қатарында Австрия, Сауд Арабиясы, Сан-Марино, Бахрейн және тағы басқа мемлекеттер бар.
"Шетелдік саяхатшылардың Қазақстанға қызығушылығы жоғары. Сол себепті біз еліміздің туристік әлеуетін толық ашу үшін жүйелі түрде жұмыс істеп жатырмыз. Оның ішінде келуші туристер ағынын ұлғайту мақсатындағы іс-шаралар бар. Сонымен қатар, біз көші-қонды бақылауды жақсартуға мүмкіндік беретін тетіктерді іске асырып отырмыз. Соның бірі eQonaq ақпараттық жүйесі", - деді министрліктің ресми өкілі Мөлдір Әбдуалиева.
Сондай-ақ Қазақстанға шақыру туралы талаптың күшін жою және азаматтары электронды виза рәсімдей алатын елдердің тізбесін кеңейту қарастырылуда.
Бұдан бөлек, БАӘ азаматтары үшін визаны жеңілдетілген түрде беру мәселесі талқыланып жатыр.
Бұған дейін Қазақстан Қытаймен өзара визасыз режим енгізуді жоспарлап отырғаны хабарланған еді. Визасыз режим екіжақты болады, яғни Қазақстанның азаматтары да визасыз Қытайға туристік және іскерлік мақсатта бара алады.
Визасыз режим Қытай азаматтарына Қазақстанда жұмыс істеуге құқық бермейді – СІМ