Өңірлер

Павлодар мектебінде газ баллон шашып жіберген: үш бала ауруханаға түсті

Дәрігерлер қарағаннан кейін оқушылар амбулаторлық емге жіберілді
Sputnik
АСТАНА, 4 мамыр – Sputnik. Павлодарда мектепте газ баллон шашып жіберген. Салдарынан алтыншы сыныптың үш оқушысы – екі ұл және бір қыз облыстық балалар ауруханасына жеткізілді, деп хабарлайды Павлордар облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Зардап шеккендерді кезекші дәрігер қарап шықты.
Балалардың жағдайы жақсы. Ауруханаға жатқызу қажет болмады, сол себепті олар амбулаторлық емге жіберілді.
Оқушы құрдастарын балтамен жарақаттаған мектепте түсірілген фоторепортаж