Ана кит пен бала киттің әсерлі бейнесі Тынық мұхиттың жағалауында түсірілген.
"Тынық мұхитында, Калифорния жағалауында, өркешті киттердің су бетіне шығуын күттім. Бір уақытта теңізден шыққан әнді естідім. Мен камераны су астына түсіргенде, кит салған керемет ән естілді", - деп жазды автор видеоға берген түсініктемесінде.
Кадрдан кит пен баласының бір-бірімен қалай мейірімді қарым-қатынас жасайтынын көруге болады.
Кит – таңғажайып жануар. Туған кезде баласының ұзындығы шамамен 9 метрге жетеді, ал бір жарым жасқа дейін ол 20 метрге дейін өседі және салмағы 40-50 тоннаға жетеді.
Көк кит орташа есеппен 70-90 жыл өмір сүреді. Жалпы кит – планетадағы ең үлкен жануар және оның жабайы табиғатта жауы аз.
Кит өз баласын шамамен 7 ай тамақтандырады. Бала кит күніне шамамен 90 литр ана сүтін ішеді.