Сербияда оқушы мектепте оқ жаудырды: 9 адам көз жұмды

Sputnik
АСТАНА, 3 мамыр – Sputnik. Сербия полициясы Белградтағы мектепте оқ жаудырды деген күдікпен 14 жастағы жасөспірімді ұстады, деп хабарлайды Сербия ішкі істер министрлігі.
Трагедия сәрсенбі күні таңертең Сербия астанасының орталығы Врачар ауданындағы мектепте болған.
Соңғы мәлімет бойынша атыс кезінде қаза тапқандардың саны 9 адамға жетті, тағы 7 адам жараланды.
БАҚ-тың хабарлауынша, жараланғандардың арасында өлім аузында жатқандар бар. Шабуыл жасаған жетінші сынып оқушысы есірткі қолданған.
Ресми расталмаған ақпаратқа сәйкес, ол үлгілі оқушы, дәрігерлер отбасынан шыққан. Полицияның мәліметінше, жасөспірім әкесінің тапаншасымен оқ атқан.
Тоқаев мектептегі трагедияға байланысты Ресей президентіне көңіл айтты